Бензин мен дизель отынының қымбаттауы азық-түлік құнына айтарлықтай әсер етпейді

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осылай деп мәлімдеді. “Жеңіл тауар болса аса қымбаттамайды, ірі өнімдердің бағасы тиісінше өсуі мүмкін. Жанар-жағармай бағасы өскен жағдайда, қантқа әсері – 5 пайыз, ал күнбағыс майы 2,4 пайыз өседі деген болжам бар. Шамамен 15-17 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Қазір тауар өндіруші ірі кәсіпорындар бензин, дизельмен жұмыс істемейді. Олар газға көшкен, ал газдың бағасы әзір өспейді”, – деді Серік Жұманғарин.