Судья Кемеңгер Имашев басты сот отырысының мерзімін 17 сәуірде сағат 10:00-де өтеді деп белгіледі. Айта кетейік, айып тағылғандар қатарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, “ӨКМ Операторы” ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек және “ӨКМ Операторының” экс-бас директоры, Украина азаматы Светлана Коротенко бар. Олар “ӨКМ Операторы” ЖШС-де миллиардтаған ұрлық жасады деп айыпталып отыр. Еске салайық, былтыр 1 сәуірде 13 миллиард теңгеден аса ақша жымқырды деген күдікпен “ӨКМ Операторы” ЖШС-нің бұрынғы басқарушы директоры ұсталған болатын. Антикор мәліметінше, қылмыстық іс-әрекеттер 2016-2019 жылдар кезеңінде “ӨКМ Операторы” ЖШС-нің басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалған.