Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде қалдырды

Ұлттық банк мәліметінше, кейбір елдердегі инфляцияның баяулауына қарамастан, жаһандық инфляциялық қысым жоғары деңгейде. Қазақстанда наурызда жылдық және айлық инфляция төмендейді деп күтілген болатын. “Инфляциялық процестердің баяулай бастағанына қарамастан, инфляцияның орнықты және тұрақты төмендеу тренді туралы айтуға әлі ерте. Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 26 мамырда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады. Шешімдер жанар-жағармай мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық нарығындағы реформалардың параметріне байланысты болады”, – делінген хабарламада.