Маңғыстауда өз қызын зорлады деген ер адам ақталды

Маңғыстау облысында туған қызын зорлады деген ер адам ақталды. Апелляциялық сот та бірінші истанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам 2016 жылдан бастап 10 жастағы қызына азғындық жасап, бірнеше рет зорлаған. Заңсыз әрекеттер 2021 жылға дейін жалғасқан. Сотта прокурор мен баланың заңды өкілі айып тағылған ер адамды 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Оған қоса, одан 30 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп беруді талап етті. Ал сотталушы өзін ақтауды өтінді. Себебі кінәсі дәлелденген жоқ. Судья ер адамды ақтады. Сотта кішкентай қыздың заңды өкілі, кәмелет жасқа толмаған куәгер мен баланың өзі айтқан сөздер дәлелденген жоқ. Сот-медициналық сараптаманың нәтижесі де ештеңе көрсетпеген.