7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 25 530 теңгеге артады. “Алтын алқа” алған, “Батыр ана” атағы бар, I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен марапатталған аналарға әлеуметтік жәрдемақы республикалық бюджеттен төленеді. Тиісті норма ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген. Бүгінгі таңда 6, 7 және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. ҚР Әлеуметтік кодексінде наградталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделеді. Жәрдемақы алушылардың төлем мөлшерін арттыру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде автоматты түрде іске асырылады.