Мамырдың 15-і мен 31-і аралығында қолжетімді баспана алуға Алматының 35 жасқа дейінгі және осы жасқа толғандардан құжат қабылданады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді. Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсыруға болады. Сайтта авторизациялау электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі. Бағдарлама бойынша займның ең жоғары сомасы– 18 млн теңгеге дейін; пайыздық мөлшерлеме – 5%; бастапқы жарна – 10%-ға тең. Әкімдіктің хабарлауынша, жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін бағдарлама аясында қосымша қаржы бөлінді және лимит 100 займға ұлғайтылды: мұғалімдерге – 50, дәрігерлерге – 50.