Францияда шерушілер полицейді өртеп жіберді

Парижде көшеге шыққан ереуілшілер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бензин құйылған бөтелке лақтырған. Соның салдарынан бір офицерді күйік шалды. Полицейлер топтың бұл әрекетіне қарсы көз жасаурататын газ қолданды. Франциядағы жаппай тәртіпсіздіктер бірнеше қалада тіркелді. Наразылар автокөліктерді өртеп, аялдамаларды қиратты. Мұның бәріне зейнетақы жасының 62-ден 64-ке ұлғайтуға бағытталған реформа себеп болды.