Түркістан облысында 12 жастағы оқушы қыз каналға батып кетті, деп хабарлайды Otyrar.kz. Қайғылы жағдай Абай ауылында болған. 8 мамырда сағат 17:00 шамасында 12 жастағы қыз “Ошақты” каналына құлап, шыға алмай қалған. Оның жанында құрбысы болған. Суға батып кеткен қыз арнаның жанында ойнап, құлап кеткен. Оның денесі 5 шақырым шалғай жерден табылды. Келес аудандық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша іздестіру жұмыстарына 6 құтқарушы, 8 полицей, жергілікті билік қызметкерлері мен туыстары қатысқан.