Ер адамның жоғалып кеткені туралы хабар Instagram желісінде пайда болған. Жазбадағы мәлімет бойынша, 36 жастағы Архипов Сергей Николаевич 9 маусымнан бері хабарсыз кеткен. Абай облысының әкімдігі ақпаратты растады: 11 маусымдағы жағдай бойынша ер адам байланысқа шықпаған. Еске салайық, Абай облысындағы өрт салдарынан 14 адам опат болды.