Министр Зүлфия Сүлейменова орманшылардың рациямен айтқан соңғы сөздері қандай болғанын айтты

“Біз 8 маусымда сағат 21.00-де олармен байланыссыз қалдық. Рация арқылы соңғы естігеніміз – жел бағыты бірден өзгеріп, қалың түтін басып жатқаны айтылды. Бәрі шешіліп кетер деп үміттендік. Қалың түтін салдарынан оларды табу мүмкін болмады. Олар өлі табылды. Қаза тапқандардың жақындарына қайғыра көңіл айтамын”, – деді экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова. Оның айтуынша, жағдай қиын. Жел күшейіп кеткен. Болжам бойынша алдағы бірнеше күнде жел қатты болады.