Бұл туралы ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлімдеді. «Абай облысындағы жағдай әлі де күрделі. Тәуекел аймақтарында төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге полицейлер және Ұлттық ұланның қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – деді Ақтоты Боранова. Оның айтуынша, бүгінде Абай облысының Бородулиха ауданына қосымша күштер жіберілді.