Қаржы нарығын реттеуші орган номиналы 200 теңгелік банкнота мен монета заңды төлем құралы және қабылдануға міндетті екенін мәлімдеді. “Айналымдағы 200 теңгелік банкноталар заңды күшін жойған жоқ әрі тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып, 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады”, – деп түсіндірді Ұлттық банк. Қосымша сұрақтар туындаса, Ұлттық банктің байланыс орталығы 1477 нөміріне хабарласуға болады. Ел аумағында ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын қабылдаудан бас тартқандар “Әкімшілік құқықбұзушылық туралы” кодекстің 206-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады.