Қазір өңірде қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздеуге қатысты үздіксіз жұмыс жүргізіліп жатыр. «Тектұрмас» этнотарихи кешенінің аумағында жедел ақпаратты іске асыру барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері ашық алаңнан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған полипропилен қапшықтарды тапты. Қапшықтардан қаңтар оқиғалары кезінде ПД ғимаратынан ұрланған қару-жарақ табылып, тәркіленді. Одан бөлек, облыс орталығындағы көшелердің біріндегі қоқыс арасына жасырылған тапанша, түрлі калибрлі 23 оқ-дәрі, полицей каскасы, оқ өтпейтін жилет, резеңке таяқша және полицей қалқаны табылды. Қазір осы деректерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар кешені тағайындалды.