Астанада жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан қылмыстық топ сотталды, деп хабарлайды қарыжылық мониторинг агенттігі. Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық топ мүшелері 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы наурызға дейін алты ай бойы жалған шот-фактураларды жазып жүрген. Алайда шын мәнінде ешқандай жұмыс жасалмады, қызмет көрсетілмеді, жүктер де жөнелтілген жоқ. Жалған шот-фактураларды шығару үшін жеке кәсіпкерлік де ашылды. Ал мемлекетке 1 млрд теңгеден астам салық сомасында аса ірі көлемде зиян келтірген. Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері кінәлі деп танылып, 3,5 жылдан 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.