“Шыдамның да шегі бар”: Тоқаев Екібастұздағы жылу электр орталығына барды

Мемлекет басшысы Екібастұздағы жылу электр орталығында жүріп жатқан жөндеу жұмысымен танысты. “Бұл жұмыс бақылауымызда болады. Олқылықтар болса, тиісті шешім қабылдаймыз. Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек. Азаматтарымыз шыдамдылық, сабырлық танытып отыр. Бірақ оның да шегі бар. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Жоспардың бәрін міндетті түрде іске асыру керек”, – деді Тоқаев.