Төтенше жағдайлар министрлігіне 71 дрон мен су шашатын құрылғылар сатып алынады

Бұл мақсаттарға үкімет резервінен 633 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі. Бүгінгі таңда ТЖМ қарамағында 27 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Алайда биыл болған өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар олардың санының жеткіліксіз екенін көрсетті. Еске салсақ, жыл сайын елімізде 1 мыңға жуық орман және дала өрті, сондай-ақ 4 мыңға жуық табиғи өрт тіркеледі.