“Қазақстан” шахтасында өртті оқшаулау басталды

“АрселорМиттал Теміртау” АҚ тау-кен өндіру сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай осылай деп хабарлады. Қарағанды облысы әкімдігінің жедел кеңесінде мемлекеттік қызметкерлер “Қазақстан” шахтасындағы өрттен қаза тапқандарды еске алды. Шахтадағы өрттен бес кенші қаза тапты. Кәсіпорын зардап шеккендердің отбасыларына міндеттеме алды. Барлық қажет төлем төленеді. Апатты тексеру үшін комиссия құрылды. Оның құрамына жауапты мемлекеттік органдар кіреді”, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. Ауруханада өрттен зардап шеккен 13 адам ем-дом алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, сегізінің жағдайы орташа ауыр, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық. Айта кетейік, “АрселорМиттал Теміртау”АҚ-да 20 тамыз қаралы күн болып жарияланды.