Полиция WhatsApp мессенджерінде тарап жатқан домофонды ауыстыру туралы хабарламалар алаяқтардың ақша ұрлайтын жаңа әдісі екенін ескертті, деп хабарлайды Polisia.kz. Хабарламада QR-кодты сканерлеп, домофонның жаңа кілтіне тапсырыс беру үшін сайтқа өту керек екені жазылған. Алайда бұл алаяқтардың ақша ұрлау үшін ойлап тапқан жаңа әдісі болып шықты. Тұрғындардың бірі үйінің кіреберіс есігінде ілініп тұрған осындай хабарландыруға алданып, ақшасынан айырылған. Ең дұрысы, домофонды жөндеумен айналысатын қызмет көрсетуші компанияға хабарласып, анық-қанығын білу. Тәртіп сақшылары соңғы уақытта осыған ұқсас хабарландырулар көрші елдерде де белсенді тарап жатқанын атап өтті.