Алматыда полицияның сервистік орталықтары ашылады

Сервистік орталықтарға жүгінгендер телефонын тапсырмайды және қылмыскерлермен де жүзбе-жүз кездеспейді. Орталықтар полиция бөлімшелеріне түсетін ауыртпалықты азайтуға және олардың жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. Атал орталықтарда 55 түрлі қызмет тегін көрсетіледі. Онда көші-қон, әкімшілік заңнама және құқықбұзушылықтың алдын алу саласындағы мамандар отырады. Бұдан басқа онда медиатор, заң қызметтерін көрсету жөніндегі консультант және психолог жұмыс істейді. Әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтер ұсынылып, ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға және ІІО-ға жұмысқа қабылдау бойынша кеңес беріледі.