ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті 3 тұлғаға қатысты соталды тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Ұйымдастырушылар Қазақстан аумағында тыйым салынған сайттарға сілтеме мен біржолғы логин және пароль беріп, ойыншылардан банк қосымшасы арқылы ставкалар қабылдаған. “Алдын ала есеп бойынша, заңсыз қызметтен түскен қаржы айналымының жалпы сомасы 490 миллион теңгеге тең. Ойыншылар саны – 800 адамнан асады. Кәмелетке толмағандарды заңсыз ойын бизнесіне тарту фактілері тексеріліп жатыр. Тінту нәтижесінде заңсыз ойын қызметіне қатысты заттар мен құжаттар, ақшалай қаражат табылып, тәркіленді”, – делінген хабарламада. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.