Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды. 48 жастағы Ш.есімді қала тұрғыны марихуана өсіріп, оны сатқан. Оның үйінен құрамында ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған 100 литрлік пластикалық бөшке тәркіленді. Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов осылай деп хабарлады. Үйді тінту кезінде жедел уәкілдер Иж маркалы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен 5 миллион теңгені тапты.