ұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты. «Желілерді реконструкциялау, орталық кіреберістің алдындағы бетон жабындысын жаңарту, тірек конструкцияларын күшейту, аумақты абаттандыру жоспарда. Бұл жұмыстар келер жылдың соңына дейін аяқталады», – деді қала басшысы Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде. Оның айтуынша, қала тұрғындары мен туристер жиі баратын танымал орынның бірі болғандықтан, модернизация кезінде базар жабылмайды. Жұмыс шағын аумақтарда жүргізіледі. Реконструкция шығынын базар иесі көтереді.