Ұлттық қордан 18 жасқа толған балаға 1 668 730 теңге түседі. “Біздің есебіміз бойынша балалардың есепшотында 18 жасқа дейін 3,5 мың доллар жиналады”, – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов. Есепшоттағы ақша доллармен жинақталады. Себебі ұлттық банк оны бала 18 жасқа дейін толғанша инвестициялап отырады. Ал төленетін кезде сол күнгі бағаммен теңгеге аударылады.