Бұл жобаны мемлекеттік кірістер комитеті Яндекс таксимен бірлесіп жүзеге асырды. Қазір Астана және Алматы қалаларында пилоттық жобаға қатысушылар саны 500-ден асты. Такси жүргізушілері Яндекс платформасы арқылы салық органдарына бармай-ақ, кәсіпкерлікті тіркей алады. Нақты алынған табыстың 1% мөлшерінде салық төлейді. Ал қызметкердің табысынан салық 10% мөлшерінде ұсталады. Таксопарктердің делдалдық қызметтері алып тасталады. Жүргізушілердің келісімімен салықты және әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу мен аударуды Яндекс жүргізеді. Бұл ретте әлеуметтік төлемдер такси жүргізушісінің алған табысының сомасына қарай айқындалатын болады. Сонымен қатар, Glovo, Wolt, InDrive сынды компанияларды пилоттық жобаға қосу жоспарланып отыр.