13 адам иіс тиіп қайтыс болған. Шәріпов көшесіндегі Almaty Hostel-ден 59 адам эвакуацияланды. Олардың арасында Үндістан және Пәкістан азаматтары, медецина университетінің студенттері болған. Олар жақын маңдағы мектеп ғимаратына уақытша орналастырылды. 3 адам ауруханаға жеткізілді. Қала әкімдігі осылай деп хабарлады.Адамдарға ыстық тамақ беріліп, медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнында бірнеше жедел топ жұмыс істеуде. Өртке матрацтың өртеніп кетуі себеп болған дейді куәгерлер.