Келер жылдан бастап Қарағандыда үш мыңнан астам кенші арнайы төлем алады

Оның көлемі ең төмен күн көріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауы керек, ол орта есеппен 208 мың теңгеге тең. Оны алу үшін жұмысшының жасы 55-тен асуға тиіс. Әрі кемінде 7 жыл зейнетақы жинағы болғаны да шарт. Қазір заң жобасын мәжіліс мақұлдап, сенат қарауына жіберді. Бүгінде ел бойынша 685 мың жұмысшы зиянды өндірісте жұмыс істейді. “Бұл төлемдер зейнет жасына дейін төленеді. Ал 63-ке жеткенде азаматтарға базалық зейнетақы, ынтымақтастық зейнетақы төленеді”, – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.