Мемлекет басшысы «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстелінде осылай деді. «Территориямыздың 70 пайыздан астамы ауыл шаруашылығына жарамды. Еліміз Орталық Азиядағы астықты өлке саналады. Біз бидай мен ұн өндіру бойынша әлемдегі он елдің қатарына кіреміз. Осы сектордың өнімділігін үш есе және экспортты екі есе арттыруды көздеп отырмыз», – деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.