Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың айтуынша, БҰҰ-ның миссияларына қатысу Қазақстан Қарулы күштеріне әскерлердің жауынгерлік машықтарын жетілдіру үшін пайдаланылатын, бітімгершілік операцияларға тән қажетті жауынгерлік дағдыларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Парламент депутаттары әскерилерді Голан биіктігі мен Оңтүстік Суданға жіберу туралы ұсынысты мақұлдады.