Жер сілкінісінен сабақ алып, жіберілген олқылықтарды түзету қажет

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы нашар. Мемлекет басшысы осындай сын айтты. «Жойқын жер сілкінісі кезінде мемлекеттік материалдық резервтің болуы, оның қолжетімділігі айрықша маңызды. Көлік байланысын жедел қалпына келтіру және медициналық көмек ұйымдастыру мүмкіндігі де шешуші рөл атқарады. Әкімдер Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, барлық елді мекеннің осыған қағаз жүзінде емес, іс жүзінде дайын екеніне көз жеткізуге тиіс”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.