Мемлекет басшысы зілзала кезіндегі қауіпсіздік шараларын түбегейлі қайта қарау қажет екенін айтты

Осыдан үш жыл бұрын сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру шаралар кешені бекітілді. Құжатта Алматы қаласында жойқын жер сілкіністерін ерте хабарлау жүйесін енгізу көзделген. Осы ретте президент бас прокуратураға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, бір айдың ішінде осы мақсаттарға бөлінген қомақты қаражат қайда жұмсалғанын, дабыл жүйесінің неге жұмыс істемегенін анықтауды тапсырды.