Айта кетейік, футбол кезінде жарақат алған баланың ата-анасы әкімдікті сотқа беріп, материалық және моральдық шығынды өтеп беруді талап еткен болатын. Себебі аудан әкімдігінің балансындағы алаңның төсемі сапасыз болып шыққан. Балаға ота жасауға тура келген. Сотта әкімдік мамандары тағылған айыппен келіспей, баланың өмірі мен денсаулығына алдымен ата-анасы жауапты екенін алға тартты. Сот-медициналық сараптамада баланың денсаулыққа орташа деңгейде зиян келгені анықталды.
Судья әкімдіктің өзіне қарасты мүлікті тиісті деңгейде ұстамағаны үшін кінәлі деп танып, әрбір талап қоюшының пайдасына 250 мың теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.