Былтыр ол үш жылға спорттан шеттетілген еді. Саматәлі Төлтаев ақпанның 18-і Түркияда өтетін кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жекке шығады. “Кәсіпқой боксқа өту үшін допинг табылған кезден бастап кем дегенде 6 ай уақыт өткен соң тағы да анализ тапсыруы тиіс болатын. С.Төлтаев қараша айында допингке анализ тапсырып, сынамасы таза боп шықты. Содан бастап жаттығуға қайта кірістік”, – деді Төлтаевтың менеджері Жанпейіс Назарғали. Менеджердің айтуынша, Саматәлі кәсіпқой боксқа өту үшін барлық ережені сақтаған.