ҚМА қазір қаржылық тергеу жүргізіп, сотқа дейінгі тәркілеу рәсімін жүзеге асырды. Соттың санкциясымен күдіктілердің ауданы 300 гектарға жуық жер учаскелері мен автокөліктер тәркіленді. Сот шешімімен мүлік Алматы қаласы әкімдігінің балансына өтті. Қазір аталған активтер мемлекет меншігіне берілді. Ал тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу жалғасып жатыр.