Соған байланысты судья қорғауға алынды. “Астана Полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен”, – делінген хабарламада. Қазір Қылмыстық кодекстің “Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу” бабы бойынша соталды Іс жүргізу басталды.