Азияда сұйытылған табиғи газдың бағасы ақпан айының соңынан бастап 40 пайызға көтерілген

Бүгінде газдың әр мың текше метрі 400 доллар. Баға Таяу Шығыстағы шиеленіс жағдайға және одан туындайтын логистикалық қиындықтарға байланысты өсіп жатыр. Rystad Energy сарапшыларының пікірінше, егер қақтығыс одан әрі шиеленісіп, Иран Ормуз бұғазын жауып тастаса, онда газ бағасы әр мың текше метріне 3600 доллардан асуы мүмкін.