Германияда қазақстандық судья із-түссіз жоғалып кетті. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай хабарлады. Жергілікті полиция Германияда жоғалып кеткен судьяны табуға көмектесіп жатыр. Қазақстанның Германиядағы бас консулдығы Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кетуіне қатысты өтінішті ерекше бақылауға алды. Қазір жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Германия Сыртқы істер министрлігіне өтініш жолданды. Осы ретте Смадияров қыздың туыстарына виза алу мәселесі де неміс тарапымен бірлесе талқыланып жатқанын айтты. Айгүл Сайлыбаеваның ағасы Қанат Сайлыбаевтың айтуынша, Айгүлге күйеуі Александр Донцов пен оның анасы ұзақ уақыт бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған.