Астанада Құрбан айт мерекесі күні қоғамдық көліктер тегін жүреді

Астанада Құрбан айт мерекесі күні қоғамдық көліктер тегін жүреді. Қала әкімдігі осындай шешім шығарған. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді. Қоғамдық көлік жұмысы сағат 06:00 басталады. Түнгі № 201, 202, 203 бағдарларында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін болады.Түнгі бағдарлардың қозғалысын «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.