Түркістандағы Машат-Арасан лагерінде балаларға әжетхана тазалатып, еден жуғызған. Сондай-ақ тәлімгерлер жалақыны қиып тастайды деп шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Түркістан облысының білім басқармасы бұл лагерде балалар “Қазақстан халқына” қоры есебінен демалатынын мәлімдеді. Олар аталмыш видеоны бақылауға алып, арнайы комиссия құрғандарын түсіндірді.Лагерь директорының хабарлауынша, видеоны лагерде төрт күн жұмыс істеп, төрт рет ескерту алған тәлімгер жариялаған. Ол жұмыста ішкі еңбек тәртібін сақтамағаны үшін соңғы ескерту алған екен. Соған кектенді деп түсіндірді.
“Ол арам пиғылмен ғимарат ішінде тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, балаларды видеоға түсірген. Ол жұмыстан шығасың дегенге ашуланып осындай қадамға барыпты. Лагерь жұмысы бақылауға алынды, балалар әдеттегідей демалып жатыр”, – делінген ведомоствосында.