Алматы халықаралық әуежайында күн райына байланысты бірқатар рейс кешігіп жатыр

Алматы халықаралық әуежайында күн райына байланысты бірқатар рейс кешігіп жатыр. Себебі Алматыны тұман басып, тоқтаусыз қар жауып жатыр. Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар. Алматы әуежайының баспасөз қызметі осылай деп мәлімдеді.