Коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізіледі

Коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізіледі. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова осылай деп хабарлады. Түбіртек барлық төлемді шоғырландыруға арналған. Төлеушілерге ыңғайлы болу үшін барлық ақпарат бір түбіртекте жинақталады. Бұл жүйені қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді ету мақсаты тұр. Бір түбіртек екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн режимде беріледі және оны оңай төлеуге болады. Сұраныс бойынша қағаз нұсқасы да қолжетімді.