Елордада жедел жәрдем бригадаларын аттестациялау жүріп жатыр. Тест зардап шеккендерге госпитализациялауға дейінгі көмек көрсету, яғни науқастарға алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсету турасында білімін тексеру бойынша жүргізіледі. Астана қалалық әкімдік осылай деп мәлімдеді. Дәрігерлер мен фельдшерлердің біліктілік деңгейін тексеру үшін арнайы аттестаттау комиссиясы құрылды. Сертификаттау ақпан айының соңына дейін жоспарланған және ол барлық мобильді бригадада жүргізіледі. Мобильді топтардың кәсіби дайындығы мен білімі – қаладағы және жалпы республикадағы медициналық көмек сапасының негізі, – дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.