Кәрім Мәсімовтің құны 1,8 млрд теңге болатын Астанадағы үйі сатылымға шықты

Кәрім Мәсімовтің құны 1,8 млрд теңге болатын Астанадағы үйі сатылымға шықты
Астанада Кәрім Мәсімовтің үйі сатылымға қойылды. Бастапқы құны – 1,8 млрд теңге. «Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания» аукцион 25 ақпанда өтетіні туралы хабарлады. Айта кетері, үйдің суреттері Кәрім Мәсімов қамауға алынғаннан кейін ҰҚК жариялаған кадрлармен сәйкес келеді. Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталып, 18 жылға сотталған еді.