Қазақстанда орташа жалақы 434 мың теңгеден асты. Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың төртінші тоқсаны бойынша мәлімет жариялады. 2023 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда жалақы 10,5%-ға өскен. Желтоқсан айындағы жалақы өсімі көбінесе жылдық премиялар мен қосымша төлемдердің арқасында болды. Ал ең жоғары өсім ақпарат және байланыс саласында – 32,8%, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында – 22,7%, жылжымайтын мүлік операциялары бойынша – 20,3% байқалды.