Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының жаңа шегі мен одан кімдердің босатылатыны туралы айтты

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының жаңа шегі мен одан кімдердің босатылатыны туралы айтты. Вице-премьер қосылған құн салғының мөлшерлемесін 16% дейін көтеру және саралау бюджеттің құбылмалы мұнай кірістеріне тәуелділігін азайтуға көмектесетінін жеткізді. Бұл Ұлттық қордың жинақ функциясын күшейтіп, мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді дейді. “Қазір қосылған құн салығын төлемейтіндер санатында шаруа қожалықтары бар. Ал ауыл шаруашылығы тауарын өндіретін заңды тұлғалар да салықтан босатылады.Жылдық мөлшерлеме – 10%. Денсаулық сақтау саласы үшін төмендетілген мөлшерлемені ұсынамыз.Тағы кімдерге төмен мөлшерлеме қаралатынын талқылау қажет”,- деп түсіндірді Жұманғарин.