Англияда құлпынай мен саңырауқұлақ жинау: Қазақстан мен Ұлыбритания еңбек көші-қоны бойынша меморандумға қол қойды
Қазақстан мен Ұлыбритания еңбек көші-қоны саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат қазақстандықтардың Ұлыбританияда жұмысқа орналасу тәртібі, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар және жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметі туралы ақпарат алмасуды көздейді. Меморандум аясында екі ел қазақстандық жұмысшылардың, соның ішінде маусымдық виза иелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету бағытында да бірлесе жұмыс істемек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы 194 мыңға жуық қазақстандық шетелде жұмыс істеген.