Қазақстанда бала туу көрсеткіші соңғы 20 жылдағы ең төмен деңгейге жетті. 2024 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда 18,29 бала туған. Сарапшылар мұндай көрсеткіш соңғы рет 2004 жылы болғанын айтады. Соңғы он жылда туу көрсеткіші тұрақты түрде төмендеп келеді. Уақытша өсім тек пандемия кезінде байқалған. Әсіресе, Маңғыстау мен Атырау облыстарында, сондай-ақ Астана мен Шымкентте бала туу айтарлықтай азайған. Дегенмен, Қазақстандағы туу көрсеткіші әлемдік орташа деңгейден жоғары болып қала береді. 2025 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, ел халқының саны 20 миллион 286 мың адамды құрады.
