“Қайтадан талан-таражға түссе, масқара боламыз” – Антикор қайтарылған активтер жайлы
Мемлекет қайтарған активтер әлеуметтік нысандар салуға бағытталған. Алайда егер бұл қаражат қайтадан жемқорлық схемаларына түссе, билікке деген сенімге соққы болады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Саркулов мәлімдеді. «Егер әлеуметтік жобаларға жұмсалуы тиіс қаражат біреулердің қалтасына кетсе, бұл елдің абыройына нұқсан келтіреді. Мемлекеттік қаражатты талан-таражға салған шенеуніктер қатаң жауапқа тартылуы керек», – деді ол. Антикор қайтарылған активтердің жұмсалуын қатаң бақылауға алуға шақырып, қайтадан ұрлануының салдары ауыр болатынын ескертті.
