Қазақстанда жүргізушілерге салынатын айыппұл үшін 50 пайыз жеңілдікті алып тастау ұсынылды
Сенатор Марат Қожаев жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзатындарды жазалауды қайта қарау керек екенін жеткізді. Айтуынша, азаматтар қатаң талаптарға қарамастан жол ережесін жиі қайталап бұзап. Сол үшін айыппұлдағы 50% жеңілдікті алып татсау керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Марат Қожаевтың айтуынша, бір жыл ішінде бір адамға камералар 143 заң бұзушылықты тіркеген. Ал бұл автокөлік иесі 3 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген. Осыған ұқсас жағдайлар өте көп екен. Депутат сөз соңында мынадай ұсыныстарды айтты:
техникалық құралдармен тіркелген 10-ға жуық және одан да көп заң бұзған жүргізушілер үшін жол көлік ережесі бойынша теориялық емтиханды қайта тапсыруға міндеттейтін жолдама көзделсін;
жүргізуші куәлігінен уақытша айырғанға дейін, камераларда тіркелген жол қозғалысы ережелерін қайталап бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту;
белгілі бір кезеңдегі заң бұзушылықтар санын ескере отырып, көлік иелері үшін сараланған жазалау механизмін әзірлеу. Ережені жиі бұзатындар үшін айыппұлдағы 50% жеңілдікті алып тастау.