Астанада “Сергек” камералары наурыздың 13-нен бастап жұмыс істемейді

Астанада “Сергек” камералары наурыздың 13-нен бастап жұмыс істемейді. Бұл жоба бас қалада 2017 жылы жүзге асырылған еді. Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов мәслихат отырысында осылай деп мәлімдеді. Енді Астанада “Сергектің” орнына жасанды интеллект негізінде басқарылатын жаңа жүйе іске қосылады. Дидар Сүлеймановтің айтуынша, жаңа жоба G42 холдингіне кіретін халықаралық Presight компаниясымен (БАӘ) бірлесіп жүзеге асады. Жоба 2030 жылға дейін жоспарланған, ал оның инвестиция көлемі – 53 миллиард теңгеге тең. Қаржыландыру толығымен жеке серіктес есебінен жүргізіледі, ал жұмыстың 60%-ын отандық компаниялар орындайды. Инвесторға төлемдер тек нысан толық пайдалануға берілген соң төленеді.