Алматыда балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы ұрып-соққан

Алматыда балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы ұрып-соққан. Одан қалса, тұншықтырған. Балақай сол сәтте бөлмедегі екі тәрбиешіден көмек сұраған. Алайда олар немқұрайлық танытқан. Бала ата-анасына жағдайды өзі жеткізген. Содан ата-ана бейнебақылау камерасын ашып қарап, полицияға арыз жазған. “Бостандық аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.